«Ордабасы» футбол клубының тәрбиеленушілері Бақдаулет Нұралы мен Жасұлан Әмір Бразилияның атақты «Ботафого» клубына 14 күндік қаралымға аттанады. Сонымен қатар, «Ордабасы» футбол академиясының жаттықтырушысы Фардиев Рустам Анварұлы да осы клубта тағылымдамадан өтеді.
«Ботафого» — 1904 жылы Рио-де-Жанейрода құрылған аңызға айналған бразилиялық клуб. 2024-ші жылы Бразилия Серия А чемпионы және Либертадорес кубогының жеңімпазы. Бразилиядағы ең танымал және табысты клубтардың бірі болып саналады. Гарринча мен Загалло сияқты әлемдік футбол жұлдыздарын тәрбиелеген, дәстүрі, рухы және жеңіске деген жігерімен ерекшеленетін клуб.
Бұл мүмкіндік Бразилиялық Cravow Sports компаниясымен әріптестік туралы меморандумға қол қойылуының нәтижесінде жүзеге асты. Ынтымақтастық аясында Бразилияның алдыңғы қатарлы футбол клубтары – Sociedade Esportiva Palmeiras, Red Bull Bragantino және Botafogo RJ клубтарымен кездесулер ұйымдастырылды. Сапар қорытындысы бойынша тәжірибе алмасу және тығыз байланыс орнату жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.
Аталған сапар жас футболшыларымыз бен жаттықтырушымыз үшін үлкен тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл олардың кәсіби дамуына тың серпін берері сөзсіз.
Воспитанники футбольного клуба «Ордабасы» Бакдаулет Нуралы и Жасулан Амир отправятся на 14-дневный просмотр в знаменитый бразильский клуб «Ботафого». Также тренер футбольной академии «Ордабасы» Рустам Анварович Фардиев пройдёт стажировку в этом клубе.
«Ботафого» — легендарный бразильский клуб, основанный в 1904 году в Рио-де-Жанейро. В 2024 году он стал чемпионом бразильской Серии А и победителем Кубка Либертадорес. «Ботафого» считается одним из самых известных и успешных клубов Бразилии. Это клуб с богатыми традициями, сильным духом и стремлением к победе, воспитавший таких мировых футбольных звёзд, как Гарринча и Загалло.
Эта возможность стала результатом подписания меморандума о партнёрстве с бразильской компанией Cravow Sports. В рамках сотрудничества были организованы встречи с ведущими футбольными клубами Бразилии — Sociedade Esportiva Palmeiras, Red Bull Bragantino и Botafogo RJ. По итогам поездки были достигнуты договорённости об обмене опытом и установлении тесных связей.
Эта поездка откроет большие возможности и даст ценный опыт для наших молодых футболистов и тренера. Безусловно, это станет новым толчком в их профессиональном развитии.