Выбор языка:

Поиск

  • Home
  • Новости
  • ҚПЛ-2026 маусымына БАҚ өкілдерін аккредитациялау

ҚПЛ-2026 маусымына БАҚ өкілдерін аккредитациялау

  • Мұны бөлісіңіз:
ҚПЛ-2026 маусымына БАҚ өкілдерін аккредитациялау

Өтініш беру тәртібі

Өтініш редакцияның ресми бланкісінде жолданып, ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталуы тиіс. Құжатта БАҚ-тың толық атауы, матчтарға қатысатын журналистердің аты-жөні және байланыс деректері көрсетіледі.

Әр журналист бойынша байланыс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы және аккредитация түрі (пресса немесе фото/видео) нақты жазылады.

Әр журналистің 3×4 см көлеміндегі фотосуреті қоса ұсынылады (кемінде 300 dpi, JPEG немесе PNG форматында).

Өтініштер press@fcordabasy.kz электрондық поштасына қабылданады.

Назар аударыңыз! Фотосуреттер тек электрондық форматта қабылданады. Фото қоса берілмеген жағдайда маусымдық аккредитация берілмейді.

БАҚ құрамына кірмейтін тұлғалар (блогерлер, мобилографтар, фотографтар) өздері туралы мәліметті (аты-жөні, байланыс деректері, әлеуметтік желідегі парақшалары) еркін түрде көрсетіп, жоғарыда аталған электрондық поштаға жолдай алады.

Клуб аккредитация беруден бас тартуға, сондай-ақ белгіленген тәртіп талаптары бұзылған жағдайда берілген аккредитацияның күшін жоюға құқылы.

Маусымдық өтініштер 2026 жылғы 3 наурызға дейін қабылданады. Берілетін бейдждер тек команданың өз алаңындағы матчтарына жарамды.

ҚПЛ аясындағы әр матчқа қосымша аккредитация рәсімі қолданылады. Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтетін ойынына қатысу үшін матч басталуына кемінде 48 сағат қалғанда клубтың баспасөз қызметіне өтініш жолдануы тиіс.

Қосымша сұрақтар бойынша: +7 778 281 81 26 (Сейіл Қожатай)