Выбор языка:

Поддержите нас и наслаждайтесь захватывающим футболом вместе с «Ордабасы́»!

ФК «Ордабасы́»

Поиск

Комплаенс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  бөлімі  

«Ордабасы» Кәсіби футбол клубы» АҚ ресми сайтының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөліміне қош келдіңіздер! Клуб сыбайлас жемқорлық көріністеріне ашықтық пен төзбеушілік қалыптастыруға ұмтылады. Клубта Комплаенс-офицер тағайындалды, ішкі құжаттаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау жүргізу, қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына оқыту бойынша кешенді және жүйелі шараларды көздейтін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда.    
 

Клубтың Комплаенс-офицерінің негізгі міндеттері:  

1.Негізгі қағидаттардың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асыру;    
2.Клубта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;    
3.Клуб қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;    
4.Клубта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.  

Егер Сіздер:    
- Сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және жымқыру фактілері туралы;    
- Лауазымды тұлғалардың қызметтік жағдайын теріс пайдалануы және өкілеттіктерін асыра пайдалануы туралы;     
- «Ордабасы» Кәсіби футбол клубы» АҚ-ның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін немесе келтіретін өзге де іс-әрекеттер жасау туралы білсеңіз,     
compliance@fcordabasy.kzнемесе сенім телефоны арқылы шұғыл хабарлауыңызды сұраймыз +7 7252 77-29-01     

Пайдалы сілтемелер:   

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты
Комплаенс-офицер туралы ереже
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулығы