Выбор языка:

Поиск

  • Home
  • Новости
  • Батырбек Әшірбаев «Ордабасы» ФК вице-президенті болып тағайындалды

Батырбек Әшірбаев «Ордабасы» ФК вице-президенті болып тағайындалды

  • Мұны бөлісіңіз:
Батырбек Әшірбаев «Ордабасы» ФК вице-президенті болып тағайындалды

Батырбек Әшірбаев 1990 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.

2010 жылы Президенттік «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

2015 жылы Pennsylvania State University университетін «Экономика» және «Статистика» мамандықтары бойынша үздік бітірді.

2015 жылы еңбек жолын «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында бастаған.

2016-2021 жылдары «Dara Жылу Қуаты» компаниясын басқарды.

Сонымен қатар, «OTAU GROUP» Holding президентінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2021 жылдан қазіргі күнге дейін «Integra Construction KZ» компаниясында бас директордың орынбасары қызметін атқарып, ірі инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асырылуын үйлестірді.

2024 жылдан бастап Шымкент қаласының Бокс федерациясының президенті.

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен наградталған.

«Ордабасы» ФК құрылымында Батырбек Әшірбаев әкімшілік бағытты, клубтың ұйымдастырушылық қызметін, штат құрылымына қатысты мәселелерді және ішкі басқару процестерін үйлестіреді.