«Ордабасы» футбол клубы әрқашан өз ардагерлерін естен шығармайды, олардың футболға қосқан үлесін жоғары бағалайды.
Рамазан айы – рухани тазалық пен мейірімділік айы, бұл уақытта біз жақсылық жасауға, бір-бірімізге көмек көрсетуге және мейірімділік танытуға шақырамыз. Қасиетті айда әрбіріміздің жүрегімізде ерекше жылы сезімдер мен ізгі ниеттер пайда болады.
Клубымыз Рамазан айында барша ардагерлерге және жанкүйерлерге, олардың жанұяларына зор денсаулық, бақыт және табыс тілейді.