Выбор языка:

Поиск

  • Главная
  • Новости
  • Ордабасы тәрбиеленушілері мен жаттықтырушысы Бразилияның әйгілі "Ботафого" клубына аттанды

Ордабасы тәрбиеленушілері мен жаттықтырушысы Бразилияның әйгілі "Ботафого" клубына аттанды

  • Share this:
Ордабасы тәрбиеленушілері мен жаттықтырушысы Бразилияның әйгілі "Ботафого" клубына аттанды

«Ордабасы» футбол клубының тәрбиеленушілері Бақдаулет Нұралы мен Жасұлан Әмір Бразилияның атақты «Ботафого» клубына 14 күндік қаралымға аттанады. Сонымен қатар, «Ордабасы» футбол академиясының жаттықтырушысы Фардиев Руслан Анварұлы да осы клубта тағылымдамадан өтеді.

 

«Ботафого» — 1904 жылы Рио-де-Жанейрода құрылған аңызға айналған бразилиялық клуб. 2024-ші жылы Бразилия Серия А чемпионы және Либертадорес кубогының жеңімпазы. Бразилиядағы ең танымал және табысты клубтардың бірі болып саналады. Гарринча мен Загалло сияқты әлемдік футбол жұлдыздарын тәрбиелеген, дәстүрі, рухы және жеңіске деген жігерімен ерекшеленетін клуб.

 

Бұл мүмкіндік Бразилиялық Cravow Sports компаниясымен әріптестік туралы меморандумға қол қойылуының нәтижесінде жүзеге асты. Ынтымақтастық аясында Бразилияның алдыңғы қатарлы футбол клубтары – Sociedade Esportiva Palmeiras, Red Bull Bragantino және Botafogo RJ клубтарымен кездесулер ұйымдастырылды. Сапар қорытындысы бойынша тәжірибе алмасу және тығыз байланыс орнату жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

 

Аталған сапар жас футболшыларымыз бен жаттықтырушымыз үшін үлкен тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл олардың кәсіби дамуына тың серпін берері сөзсіз.