Выбор языка:

Поиск

Жаңа филиалдың ашылуы.

  • Мұны бөлісіңіз:
Жаңа филиалдың ашылуы.

Шымкент қаласында «Shym City» Football Academy базасында «Ордабасы» футбол клубының балалар академиясы филиалының салтанатты ашылуы өтті.

 

Іс-шара аясында балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға, болашағы зор футболшыларды даярлауға және «Ордабасы» ФК-ға тұрақты резерв қалыптастыру арнасының негізін қалауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Ордабасы» футбол академиясының жаттықтырушылары жас футболшыларға арнап шеберлік сабағын ұйымдастырды. Сонымен қатар, жақсы көрсеткіш көрсеткен «Shym City» футболшыларына және бапкерлеріне «Puma» спорттық брендінен спорт жабдықтары табысталды. 

 

Филиалдың ашылуы – өңірдегі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытудағы маңызды қадам және Шымкент футболының болашағын қалыптастыруда клубтың белсенді рөлін білдіреді.