Language:

ФК «Ордабасы́»

Поддержите нас и наслаждайтесь захватывающим футболом вместе с «Ордабасы́»!

Search

PREVIEW | "Тобыл" - "Ордабасы"

  • Мұны бөлісіңіз:
PREVIEW | "Тобыл" - "Ордабасы"

Халықаралық үзілістен кейін Қостанайға аттанып қайта қауышамыз!

«Тобыл» мен «Ордабасы» арасындағы матч 19 қазан күні сағат 18:00-де өтеді. Ауарайының қолайсыздығына байланысты ойын «Тобыл Арена» жабық манежіндеұйымдастырылады.

Бұл кездесудің қызығы болып тұрған лиганың үздік сұрмергендері мен ассистенттерінің кездесуінде. Дәлірек айтқанда Жасур Яхшибоев пен Асхат Тағыбергеннің, Ислам Чесноков пен Ахмед Эль-Мессаудиге қарсы қақтығыстары.

 

Тобылмен Таблица 

“ОРДАБАСЫ”

Өткен турда сырт алаңда «Қызылжарды» жеңіп, командамыз турнир кестесіндежеке-дара көш бастады. Бұл жеңіс «Елімай» мен «Қайратты» басып озуға мүмкіндікберді. Чемпионаттың шешуші кезеңі алдында бірінші орында болу командаға үлкенсерпін берері сөзсіз.

Алайда, жағымсыз жаңалық та жоқ емес. Қазақстан мен Аустрия құрамаларыарасындағы ойында Айбол Әбікен жарақат алып қалды. Оның алдағы матчқа қатысуыәлі белгісіз.

 

«Тобыл» – «Ордабасы» арасындағы сырт алаңдағы соңғы 5 матчтар:

27.08.23 | “Тобыл” 0-0 “Ордабасы”

02.10.22 | “Тобыл” 4-0 “Ордабасы”

02.10.21| Тобыл 3-1 Ордабасы

16.09.2020 | “Тобыл” 0-4 “Ордабасы”

16.09.2020 | “Тобыл” 1-2 “Ордабасы”

 

 

"ТОБЫЛ"

Қостанайлықтар қазір турнир кестесінде 20 ойыннан 30 ұпай жинап, 6-шы орында тұр.Команда Еурокубок аймағына ену үмітін жоғалтқан жоқ, сондықтан бұл ойынның екіұжым үшін де маңызы үлкен.

«Тобыл» биылғы маусымда өз алаңында сәтті өнер көрсетуде: 10 ойында 20 ұпайжинап, бұл көрсеткіш бойынша «Елімай» мен «Ордабасыдан» ғана қалып, үздікүштікке енді. Алайда сырт алаңдағы ойындары көңіл көншітпейді — 10 кездесуденебәрі 10 ұпай ғана алған.

Дегенмен «Тобыл» өз алаңында топ-5 командаларына қарсы матчтарда жақсынәтижелер көрсетті: «Елімайды» 4:2, «Қайратты» 1:0, ал «Ақтөбені» 3:0 есебіменжеңді. Биылғы маусымда ерекше көзге түсіп жүрген Ислам Чесноков пен Ахмед Эль-Мессаудидің дуэті. Олар бірігіп 21 нәтижелі әрекетке қол жеткізді.

Матчта команда капитаны Роман Асранқуловтың ойнауы күмәнді, себебі ол соңғытурда жарақат алған. Ал тізе жарақатынан кейін қалпына келіп жатқан Руслан Валиуллин бұл кездесуге қатыспайды.

 

«ТОБЫЛДЫҢ» өз алаңындағы соңғы 5 ойыны:

15.06.24 | “Тобыл” 1-0 “Қайрат”

11.08.24 | “Тобыл” 1-2 “Қызылжар”

31.08.24 | “Тобыл” 1-1 “Атырау”

22.09.24 | “Тобыл ”3-0 “Ақтөбе”

28.09.24 | “Тобыл” 1-0 “Шахтер”

 

H2H | Статистика

Бомб Асист Тобыл

 

•  «Ордабасы» сапындағы үш ойыншы чемпионаттағы соңғы үшінші аймаққа дәл пас беру бойынша топ-10-ға енген (орта есеппен 90 минутта):

Асхат Тағыберген – 11.18 пас
Айбол Әбікен – 9.2 пас
Евгений Макаренко – 8.55 пас

•  Бауыржан Исламхан (3.2) мен Джасур Яхшибоев (2.94) лигадағы ең көппрогрессивті жүгіріс жасайтын ойыншылардың бестігіне кіреді.

•  Исламхан матч сайын 2.13 орташа көрсеткішпен терең пас беру бойыншачемпионатта көш бастап тұр.

•  «Ордабасы» 32 голмен лиганың ең нәтижелі үш командасының бірі, сондай-аққорғаныста да үздік үштікте (18 гол жіберген).

•  «Тобыл» лигада допқа иелік ету көрсеткіші бойынша екінші орында – орташа 56.8%. Бұл көрсеткіш бойынша олар тек «Астанадан» қалып отыр. «Ордабасы» 54.6%көрсеткішін көрсетіп тұр.

•  «Тобыл» чемпионатта қақпаға дәл соққы жасау бойынша екінші орында – соққыларының 36.6%-ы қақпаға дәл түседі. Бұл көрсеткіш бойынша «Ақтөбе» көшбастап тұр (41.4%).

•  «Тобыл» 57.6% сәтті дриблингпен лигада екінші орында.

•  Айып алаңындағы допқа тию саны бойынша чемпионатта «Тобыл» 334 көрсеткішімен үшінші орында. Ал «Ордабасы» 302 көрсеткішті көрсетіп тұр.

•  «Тобыл» ойыншыларына қарсы 310 рет, ал «Ордабасы» ойыншыларына қарсы 294 рет ереже бұзылған.

•  Қорғаныстағы жекпе-жектерді жеңу бойынша «Тобыл» үздік команда – 64%. «Ордабасы» бұл көрсеткіште 62%-ды көрсетуде.

•  «Ордабасы» лигада әуе дуэльдерін ұту бойынша көшбасшы.