Выбор языка:

ФК «Ордабасы́»

Поддержите нас и наслаждайтесь захватывающим футболом вместе с «Ордабасы́»!

Поиск

PREVIEW | "ОРДАБАСЫ" - "АСТАНА"

  • Мұны бөлісіңіз:
PREVIEW | "ОРДАБАСЫ" - "АСТАНА"

 

 

OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 22-ші туры барлық жанкүйерлерге тағатсыздана күтетін және чемпиондық үшін күресте аса маңызды кездесу сыйлайды. 7 дүркін ел чемпионы Шымкентке келеді.

 

 

2024-09-20 18.58.18
 

 

 

Кирилл Кекер: «Біз жоспарлы режимде дайындалып жатырмыз, жаттығу процесінде ойластырғанымызды жүзеге асыруға тырысудамыз. Әрине, кейбір нәрселер түзетуді қажет етеді. Бізге ойын сапасын жақсарту керек, осыған күн сайын жұмыс істеудеміз».

 

 

2024-09-20 18.53.17

 

«АСТАНА»

 

«Астаналықтар» чемпионатта қатарынан 4 матчта жеңіске жетіп, турнирлік кестедегі жағдайларын біршама жақсартып, лайықты серпін алып алды. Бастауын 3 қазанға алған Конференция лигасының топтық кезеңіне өтуі де олардың көңіл-күйлерін жақсы арттырды. Жоғалтқан ұпайлары бойынша Григорий Бабаянның шәкірттері чемпионатта тек «Ордабасыдан» ғана қалып тұр. Жазғы трансферлердің ішінен Джеффри Чинедуды атап өту керек. Нигериялық құрамада жақсы орнығып алды. Барлық турнирлерді қоса алғанда 10 гол салып үлгерді. Оның ішінде норвегиялық "Бранн" қақпасына дубль жасады. 

 

 

Кирилл Кекер: «Менің ойымша, қарсылас командадан ешкімді ерекше атап өтудің қажеті жоқ, себебі ол жақта барлығы білікті мамандар және көпшілігі өз ұлттық құрамаларында ойнайды. Иә, команда шынымен де өзгерді, ойынның үлгісі басқаша, бірақ мен ол өзгерістерді жаңа ойыншылардың келуімен байланыстырамын.»

 


«Астананың» сырт алаңдағы соңғы 5 ойыны
 

18.09 | ҚПЛ 

Қайсар 0:1 Астана

 

01.09 | ҚПЛ 

Қайрат 0:1 Астана 


22.08 | КЛ

Бранн 2:0 Астана


11.08 | КЛ

Елімай 0:0 Астана


08.08 | КЛ

Хунендора 1:2 Астана


Шымкенттегі соңғы ойын

 

 

 

«ОРДАБАСЫ»
«Атырауды» жеңгеннен кейін командамыз көшбасшылардан 1 ұпайға қалып, 3-орынға тұрақтады. Одан бөлек қоржынымызда әлі 2 ойын бар. Қазан айындағы Ұлттық құрама матчтарына дейін үш ойынымыз қалды, оның екеуі өз алаңымызда.

 

 

Кирилл Кекер: «Біз жоспар бойынша жұмыс жасаудамыз. Жоспарлағанымызды жаттығу барысында жүзеге асырудамыз. Әрине, кейбір тұстарымызға жөндеулер керек. Біз ойынымыздың сапасын жақсартумен айналысып жатырмыз.

 

 

«Біз жоспарлы режимде дайындалып жатырмыз, жаттығу процесінде ойластырғанымызды жүзеге асыруға тырысудамыз. Әрине, кейбір нәрселер түзетуді қажет етеді. Бізге ойын сапасын жақсарту керек, осыған күн сайын жұмыс істеудеміз».

 

 

 

 

dsc07057-2-2.jpg

 

Алдағы матчта команда бірнеше ойыншының жетіспеушілігін сезінетін болады. Дисквалификацияға байланысты Темірлан Ерланов (сары қағаздардың көптігі) мен Айбол Әбікен («Атырауға» қарсы ойында қызыл қағаз алғаны үшін) кездесуге қатыса алмайды. Артем Беседин де жамбастың алдыңғы бұлшықетінің тартылғанын емдеуді жалғастыруда. Ауруына байланысты «Атыраумен» кездесуге қатыса алмаған Бекхан Шайзада мен Бауыржан Исламхан осы аптада топқа оралды. Олардың функционалдық жағдайын жаттықтырушылар штабы матчқа дайындық кезінде бағалайтын болады.

 

 

Кирилл Кекер: «Кез келген шығын – жаттықтырушылар штабы үшін үлкен мәселе, барлық ойыншылардың қолжетімді болып, бізге көмектескенін қалаймыз. Артём қалпына келу процесін жалғастыруда, бірақ нақты мерзімі әлі белгісіз. Бауыржан мен Бекханға келсек, екі ойыншы да толықтай сауығып, жалпы топпен жаттығуда. Барлық ойыншылардың көңіл-күйлері жақсы және ойынды асыға күтуде».

 

 

 

«Астанаға» қарсы болған Шымкенттегі соңғы 5 ойын

 

24.09.2023 | ҚПЛ
Ордабасы 1:2 Астана


06.07.2023 | ҚР кубогі

Ордабасы 2:0 Астана
 

07.05.2022 | ҚПЛ
Ордабасы 1:2 Астана


14.04.2021 | ҚПЛ 
Ордабасы 1:4 Астана


12.09.2020 | ҚПЛ
Ордабасы 1:2 Астана


1 жеңіс – 4 жеңіліс

 

 

 

H2HСТАТИСТИКА МЕН ДЕРЕКТЕР

 

 

bomb-assist.jpg

 

 

  • Екі команда да өткізіліп алған голдар бойынша үздік үштікте. «Ордабасы» 14, ал «Астана» 13 гол өткізді. 
     
  • «Ордабасы» бұрыштамадан соғылған голдар бойынша чемпионатта көшбасшы (6 гол). «Ордабасы» айып соққысынан соғылған голдар бойынша көшбасшы (3 гол). 
     
  • «Астана» осы маусымда пенальтиден 4 гол соқты, ал «Ордабасы» - 0. 
     
  • «Астана» орташа допқа ие болу көрсеткіші бойынша чемпионатта көшбасшы (61 %). 
     
  • «Астана» мен «Ордабасы» чемпионаттың ең тәртіпті командалары. «Астанада» 23, ал «Ордабасы» 33 сары қағаз.