Выбор языка:

Поиск

  • Home
  • Новости
  • "Ордабасы U18" өз алаңында "Атырау U18" командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді

"Ордабасы U18" өз алаңында "Атырау U18" командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді

  • Мұны бөлісіңіз:
"Ордабасы U18" өз алаңында "Атырау U18" командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді

"Ордабасы U18" өз алаңында "Атырау U18" командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді

 

09 тамыз 2025 жылы Шымкент қаласында өткен Қазақстан жасөспірімдер чемпионатының кезекті турында “Ордабасы U18” командасы өз алаңында “Атырау U18” командасын қабылдап, тартысты өткен ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қос команда жоғары қарқынмен ойнады. Есепті 10-минутта Тимур Рахимов ашып, “Ордабасы U18” командасын алға шығарды. Екінші таймның 60-минутында Талант Қуаныш көзге түсіп, командасының екінші голын соқты. Қонақтар бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартқанымен, негізгі уақыт соңына дейін нәтижені теңестіре алмады.

Матчтан кейін “Ордабасы U18” командасының бас бапкері Рустам Анварұлы ойынға баға берді:

— Өте ауыр ойын болды. “Атырау” командасына алғыс айтқым келеді — өте жақсы, қызықты команда. Құрамында мықты футболшылары бар, ойындары жақсы ұйымдастырылған. Шынымен, тартысты матч өтті. Біз соққан екінші голды мен ойынның шешуші сәті деп санаймын, себебі сол кезде “Атырау” кейбір сәттерде басымдыққа ие болып тұрған еді. Екі жақта да жақсы мүмкіндіктер болды. Жігіттер қарсыластың мықты екенін түсінді, жақсы дайындықпен шықты, барын салды. Ойын тәртібі жағынан да жақсы көріндік. Мүмкіндіктеріміз көп болды, бірақ сәл ғана соңғы соққылар жетіспеді. Бұл бағытта жұмыс істейміз. Жігіттерге рақмет, жеңісті лайықты түрде жұлып алдық.

Сонымен қатар, “Ордабасы” академиясының ойыншысы Бейсенбай Нұрдәулет өз пікірін білдірді:

— Ассалаумағалейкум баршаңызға! Бүгінгі ойында “Атырау” командасына рақмет айтқым келеді. Біз бұл командаға апта басынан бастап жақсы дайындалдық, барлық тактикасын қарап, зерттедік. Соның арқасында жеңіске жеттік. Бізге қолдау көрсеткен ата-аналарға және стадионға келіп жанкүйер болғандарға үлкен рақмет. Жігіттерге де рақмет, осындай тартысты ойын көрсетті.

Бұл жеңіс “Ордабасы U18” командасының турнирлік кестедегі жағдайын жақсартып, алдағы кездесулерге жақсы серпін берді.