«Ордабасы U18» командасының футболшылары.
«Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының «Саламатты болашақ» жобасының «ЦП футбол» секциясында қонақта болды
Қазақстанда 2018 жылдан бастап ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1100 баланы қамтитын «Саламатты болашақ» ауқымды республикалық әлеуметтік жобасы табысты іске асырылуда. Бұл жоба жас спортшыларға жаңа мүмкіндіктер береді, әр баланың әлеуетін дамытуға, әлеуметтендіруге және іске асыруға жағдай жасайды.
Кездесу барысында жас футболшыларымыз «ЦП футбол» секциясына қатысатын балалармен жаттығу жасап, балаларға керемет көңіл-күй сыйлады ✊🏻