«Ордабасы» футзал бүгінгі ойында қарсыластан басым түсті.
Olimpbet Футзалдан Қазақстан чемпионатының ХХІХ тур аясында «Ордабасы» футзал командасы қарағандылық «Тұлпар» командасын 2:0 есебімен жеңді. Голдарды Бауыржан Умирбаев және Лукас Розенски салды.
Ертең біздің команда «Тұлпар» футзал командасымен екінші кездесуін ойнайды. Ойын сағат 17:00-де басталады, ойын алаңы – «Металлург» спорт кешені (мекенжайы: Абай даңғылы 5/7).