Выбор языка:

Поиск

  • Home
  • Новости
  • «Ордабасы» ФК клубты жекеменшік басқаруға көшіру туралы меморандумға қол қойды

«Ордабасы» ФК клубты жекеменшік басқаруға көшіру туралы меморандумға қол қойды

  • Мұны бөлісіңіз:
«Ордабасы» ФК клубты жекеменшік басқаруға көшіру туралы меморандумға қол қойды

Меморандумға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздыбеков пен Integra Construction KZ ЖШС бенефициарлық иесі Шахмұрат Мүтәліп қол қойды.

Аталған келісім Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби спортты дамыту және футбол саласына жекеменшік инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылады.

Басқарудың жаңа үлгісіне көшу клубтың одан әрі дамуын, инфрақұрылымын нығайтуды, академия жұмысының сапасын арттыруды, сондай-ақ спорттық және ұйымдастырушылық үдерістерді тиімді жүргізуді көздейді.

Ғабит Сыздыбеков «Ордабасы» Шымкенттің спорттық өмірінде айрықша орны бар және қаланың символдарының бірі екенін атап өтті:

«Меморандумға қол қою клубтың тұрақты дамуына қосымша мүмкіндіктер береді. Қала үшін команданың қазақстандық футболдағы өз орнын сақтап, жанкүйерлерін нәтижелі ойынмен және тартымды өнерімен қуанта беруі маңызды».

Өз кезегінде Шахмұрат Мүтәліп компанияның клубты дамытуға қатысуын ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастыратынын айтты:

«Ордабасы» – тарихы терең, жанкүйер қолдауы берік клуб. Біздің міндет – инфрақұрылымды дамытуға, жас ойыншыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға басымдық бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету».

Меморандумды іске асыру аясында тараптар заманауи басқару тәсілдерін кезең-кезеңімен енгізуді, клубтың материалдық-техникалық базасын нығайтуды және өңірдегі футболды дамытуға бағытталған жобаларды кеңейтуді жоспарлап отыр.