Екінші лиганың кезекті ойыны Шымкентте өтті.
2025 жылғы 8 шілде күні Шымкент қаласында Екінші лиганың кезекті тур ойыны өтті. «Ордабасы» U-21 командасы өз алаңында «Атырау» U-21 командасын 5:2 есебімен айқын басымдықпен жеңіп шықты.
Ойынның басында алғашқы голды қонақтар — «Атырау» U-21 командасы соғып, есепті ашты. Алайда «Ордабасы» U-21 футболшылары жылдам әрекет етіп, ойын тізгінін өз қолдарына алды. Бірнеше нәтижелі шабуылдардың арқасында шымкенттік ұжым ірі жеңіске қол жеткізді.
Гол авторлары:
24-минут — Халдар Әлібек
61-минут — Жамалов Бакир
68-минут — Сердалы Рамазан
72-минут — Халдар Әлібек
74-минут — Рахматулла Абылайхан
Екінші таймда ойын қарқыны күшейіп, алаң иелері қарсыластың қорғанысын толық бұзып өтті. Командалық өзара түсіністік пен ойын тәртібі нәтиже берді.
Ойыннан кейінгі сұхбат:
Ирисметов Улуғбек Равшанович, «Ордабасы» U-21 командасының бас бапкері:
«Ең алдымен қарсылас командаға алғыс айтқым келеді. Ойын өте қиын өтті. Жанкүйерлерге де алғысымыз зор — қолдап келгендеріне рахмет. Барлық ойыншылар жақсы ойын көрсетті. Енді алда қателіктермен жұмыс жасап, келесі матчқа тыңғылықты дайындаламыз.»







