Бүгінгі ойында «Ордабасы» футзал командасы қарсыластан басым түсті.
Футзалдан Olimpbet-Қазақстан премьер-лигасының отыз бесінші туры аясында командамыз «Астана» футзал командасын 6:2 есебімен ұтты. Гол авторлары: Кауе-2, Бауыржан Умирбаев, Лукас Розенски, Нұрсұлтан Пиялы және Нұрхан Байзақов.
Ертең жігіттеріміз «Астана» командасына қарсы екінші ойынын өткізеді. Ойын сағат 18:00-де «Металлург» спорт кешенінде өтеді.