Шымкент футболының түлегі Айдос Кемаладин «Ордабасы» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды. 20 жасар қақпашымыз өткен маусымда «Ордабасы U21» жастар командасының сапында 9 кездесу өткізді. 2023 жылы «Оңтүстік» сапында Қазақстан Чемпионатының Бірінші лигасында 22 ойын ойнады. Сонымен қатар, Айдос Қазақстан U-17 және Қазақстан U-19 жастар құрамаларында ойнаған.
Қош келдің, Айдос 🤍💙