Кеше QJ лигасының соңғы туры өтіп, нәтижесінде «Ордабасы» футбол клубының екі командасы да жүлдегерлер қатарына кірді!
22-турда біздің жас футболшылар «Жас Қыран» командасымен кездесті. Бұл ойын U17 командасы үшін турнирлік кесте тұрғысынан аса маңызды болмады, өйткені қола медальдар оларды күтіп тұр еді. Ал U18 командасы үшін бұл ойын шешуші мәнге ие болып тұрды. Абдухалик Бурибаев басқаратын U18 құрамасы күміс медальға бір қадам жақын еді, тек жеңіс қана сол мақсатқа жеткізетін. Жігіттерге қойылған сенімді олар толық ақтап, 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Гол авторлары: Әбен, Маратұлы, Серік (2).
Матчтардан кейін командаларда қола және күміс медальдармен марапаттау рәсімі өтті. Бұл шараға «Ордабасының» негізгі құрамының капитаны Асхат Тағыберген қатысты.
“Ордабасы” U17
“Ордабасы” U18