Выбор языка:

Поиск

  • Home
  • Новости
  • QJ League Women лигасы: «Жетісу» W — «Ордабасы» W — 0:5

QJ League Women лигасы: «Жетісу» W — «Ордабасы» W — 0:5

  • Мұны бөлісіңіз:
QJ League Women лигасы: «Жетісу» W — «Ордабасы» W — 0:5

QJ League Women лигасы: «Жетісу» W — «Ордабасы» W — 0:5

 

2025 жылғы 17 шілде күні QJ League Әйелдер лигасы турнирі аясында өткен кезекті матчта «Ордабасы» әйелдер командасы сырт алаңда «Жетісу» W командасымен кездесіп, ірі есеппен жеңіске жетті — 5:0. Кездесу Талдықорған қаласында өтті.

«Ордабасы» W командасы ойынның алғашқы минуттарынан бастап ойын тізгінін өз қолына алып, белсенді шабуылдар ұйымдастырды. Қарсылас қақпасына бірінен соң бірі бағытталған нақты соққылар нәтижесінде команда сенімді жеңіске жетті.

Гол авторлары:

 • 13-минут — Айғаным Бекмұрат

 • 22-минут — Балнұр Ергешбек

 • 46-минут — Диана Ситникова

 • 53-минут — Аруна Насирали

 • 72-минут — Аруна Насирали

Команда құрамындағы әрбір ойыншы өз деңгейінде ойнап, жаттықтырушылар штабының тапсырмаларын жоғары деңгейде орындады. Әсіресе екінші таймда «Ордабасы» W командасы шапшаңдық танытып, қорғаныста да сауатты әрекет етті.

 

Ойыннан кейінгі сұхбаттар:

Сарман Ербол, «Ордабасы» W командасының бас бапкері:

«Қарсылас командаға алғыс білдіремін — бүгінгі ойын оңай болған жоқ. Біз қыздарға ойын алдындағы нұсқаулықтарды нақты жеткіздік, олар алаңда соны орындауға тырысты. Жекелеген сәттерде гол соғу мүмкіндіктерін толық пайдалана алмадық. Гол соғу тиімділігін арттыру бағытында әлі де жұмыс істеу қажет. Дегенмен, жалпы алғанда қыздардың ойынына ризамын. «Жетісу» командасына тағы да рахмет айтамын — тартысты ойын көрсетті.»

Мерей Ережепбаева, «Ордабасы» W командасының ойыншысы:

«Бүгінгі ойында өз ойынымды жоғары деңгейде көрсете алдым деп айта алмаймын. Кейбір сәттерде кемшіліктер болды. Бірақ ең бастысы — біз командамен бірлесіп, жеңіске жеттік. Бұл жеңіс біз үшін маңызды. Алда келе жатқан ойындарға барынша жақсы дайындалып, өз ойынымды жақсартуға тырысамын. Қарсылас командаға да алғыс білдіремін — олар лайықты қарсылас болды.»

 

Келесі ойын:

«Ордабасы» W командасы келесі кездесуін 2025 жылғы 25 шілде күні, Ақтөбе қаласында, қонақ алаңдаөткізеді. Бұл матч та команда үшін маңызды сын болмақ. Қыздар жеңіс жолын жалғастыру үшін бар күшін салатынына сенімдіміз.