QJ League-ның кезекті ойындары Ақтауда, ал QJL Women ойындары Шымкентте өтті.
«Ордабасы U16» командасы ақтаулық командаға қарсы ойнады. Қуаныш Абдразақтың күшімін біздің команда есеп ашты, бірақ қонақтар 49-минутта теңестірді. Ойынның нүктесін Темур Сұлтаниясов қойды. Бұл маңызды жеңіс болды, осы жеңістің арқасында команда көшбасшылар үштігінде қалуда.
«Ордабасы U17» командасы 7:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Бұл жеңіс команда үшін қатарынан сегізінші болып отыр, біздің жігіттер 24 ұпаймен осы дивизионда жетекші орынға шықты.
«Ордабасы U18» командасы қарсыласқа жол берді. Алаң қожайындары ойын есебін ашты. Максим Гамаюнов осы голға жауап қайтарып, есепті теңестірді. Алайда ойынның соңында ақтаулықтар жеңісті тартып алды.
«Ордабасы W» командасы «Қайрат» қыздарына 0:5 есебімен жеңілді. Бұл жеңіліс болса да, біздің қыздар өздеріне тәжірибе жинақтап, болашақта жақсы нәтиже көрсететін болады.