Выбор языка:

Поиск

  • Home
  • Новости
  • QJ League 5-тур: «Ордабасы» жасөспірім командаларының жарқын жеңістері

QJ League 5-тур: «Ордабасы» жасөспірім командаларының жарқын жеңістері

  • Мұны бөлісіңіз:
QJ League 5-тур: «Ордабасы» жасөспірім командаларының жарқын жеңістері

QJ League 5-тур: «Ордабасы» жасөспірім командаларының жарқын жеңістері

 

Кеше Шымкент қаласында QJ League 5-тур аясында үш матч өтті, онда «Ордабасы» футбол академиясының U16, U17 және U18 командалары Ақтөбе қаласының құрдастарымен кездесті.

 

«Ордабасы U16» командасы тартысты өткен ойында Ақтөбе командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Бірінші таймның соңында Бекасыл Қанат есеп ашты, алайда 57-минутта қарсыластар таразы басын теңестірді. Ойынның аяқталуына он минут қалғанда Нұрасыл Акимбаев жеңіс голын соқты, ал матч соңында Нұрмахан Нармұханбет есепті нығайтты. Бұл жеңіс «Ордабасы U16» командасын турнир кестесінде үшінші орынға көтерді.

 

«Ордабасы U17» командасы Ақтөбе командасын 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнирдегі қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді. Гол авторлары: Абылайхан Кенжадоев, Дияр Рахимжанов, Адият Отарбек, Якубжан Рүстемов және Дияр Берікбай. Бұл нәтиже командаға 15 ұпай жинап, турнир кестесінде көшбасшылықты сақтап қалуға мүмкіндік берді.

 

«Ордабасы U18» командасы Ақтөбе командасымен кездесуде бірінші таймда үш жауапсыз гол соғып, екінші таймда қарсыластар екі голмен жауап қайтарды. Дінмұхамед Махмұдов, Жанәлі Есеналиев және Максим Гамаюнов гол соғып, матч 3:2 есебімен аяқталды. Бұл жеңіс командаға турнир кестесінде үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.