«Ордабасы» ФК ресми түрде хабарлайды!
Бұған дейін клуб пен қала басшылығы бірнеше рет мәлімдегендей, «Ордабасы» футбол клубында 2024 маусымына футболшылардың жалақысын төлеуге байланысты айтарлықтай қаржы тапшылығы бар.
Шымкент қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасымен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы 2024 жылдың басында алынған клубтың еңбекақы қорына қатысты міндеттемелерді өтеуге бағытталған.
Бұл шара ФИФА мен УЕФА тарапынан салынатын айыппұл санкцияларынан құтылу, сондай-ақ клубты 25/26 маусымындағы еурокубоктарға қатысушы ретінде сақтау үшін қабылдануда. Осылайша, клуб көп жылдан бері алғаш рет футболшылардың жалақылары бойынша кредиторлық берешек жинақтамай жылды аяқтайды.
Өткен кезеңдегі барлық жалақы бойынша міндеттемелер өтелгеннен кейін, 2025 маусымына арналған клубтың бюджеті едәуір қысқартылады.