Выбор языка:

Поиск

  • Home
  • Новости
  • «Ордабасы» академиясының үш командасына спорттық бақылау құрылғылары табысталды.

«Ордабасы» академиясының үш командасына спорттық бақылау құрылғылары табысталды.

  • Мұны бөлісіңіз:
«Ордабасы» академиясының үш командасына спорттық бақылау құрылғылары табысталды.

«Ордабасы» академиясының үш командасына спорттық бақылау құрылғылары табысталды. 

 

Бұл құрылғылар жас ойыншылардың физикалық көрсеткіштері мен денсаулығын бақылап, олардың дамуын терең талдауға мүмкіндік береді.

Бұл жобаны жүзеге асыруға Sportematica компаниясы қолдау көрсетті.

 Олар – спортшылардың көрсеткіштері мен денсаулығын бақылауға арналған цифрлық сервистер мен технологиялық шешімдерді әзірлейтін кәсіби команда. Компания төрт жылдан бері осы бағытта «Ордабасы» футбол клубының бас командасымен табысты жұмыс істеп келеді.

 

Академиямызға Sportematica тарапынан: 

🔹 спортшыларды мониторингтеу үшін заманауи трекерлер мен пульсометры; 

🔹 жаттығу процесін, жарыстарды және спорттық медицинаны басқаруға арналған Sportematica Workspace кәсіби платформасы; 

🔹 жүйені енгізу және пайдалану кезінде толық сүйемелдеу; 

🔹 сонымен қатар онлайн кәсіби оқыту мүмкіндігі берілді.

 

«Ордабасы» футбол клубы жас спортшылардың дамуына үлкен мән береді. Біздің басты мақсатымыз – балалар мен жасөспірімдерге керемет мүмкіндіктер сыйлап, болашақ чемпиондарды тәрбиелеу.