Выбор языка:

Поиск

  • Home
  • Новости
  • Оңтүстік дербиінде тең есеп тіркелді – 1:1

Оңтүстік дербиінде тең есеп тіркелді – 1:1

  • Мұны бөлісіңіз:
Оңтүстік дербиінде тең есеп тіркелді – 1:1

Оңтүстік дербиінде тең есеп тіркелді – 1:1

 

Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында «Ордабасы» Қызылорда қаласында «Қайсар» клубына қарсы ойнап, 1:1 есебімен тең түсті.

 

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ командамыз белсенді шабуылға көшті. Алайда, қонақтардың бірінші шабуылдарының бірінде төреші қақпамызға 11-метрлік айып добын (пенальти) белгіледі. Қарсылас соққысын қақпашымыз Бекхан Шайзада қайтара білді. Бірінші таймда төреші қақпамызға екінші рет 11-метрлік айып добын белгіледі, екінші мәрте Айбар Жақсылықов мүлт кетпей, ойын есебін ашты. Екінші таймның бірінші минутынан бастап жігіттеріміз тоқтамай шабуыл жасады. Бұрыштама соққысынан кейін Никола Антич есепті теңестірді. Есеп теңескеннен кейін, командамыз жеңіс голын соғуға мүдделі болды. Алайда, қарсылас қорғаныста керемет ойнап, кейбір кезде қақпа бағанасы ғана қарсыласты голдан аман сақтап қалды. Қорытынды есеп 1:1.