Али Тұрғанов, Біржан Тоқтыбай және Мағжан Тоқтыбай - «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары
🔵 Қазіргі уақытта Шымкент футболының түлектері «Оңтүстік» ФКА намысын қорғайды. Бірінші лига аясында осы маусымда Али 9 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Мағжан 10 ойында гол+нәтижелі пас көрсеткіш бойынша 10 ұпай жинады (6+4). Дәл сол 10 ойында Біржан 6 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
⚪️ Сонымен қатар Али Тұрғанов және Мағжан Тоқтыбай Қазақстан U21 жастар құрамасына шақыртылып, Еуропалық аренада ел намысын қорғайды.
🔵 Осы маусымның соңына дейін жігіттер «Оңтүстік» ФКА қалып, тәжірибе жинақтауды жалғастырады. Ал келесі маусымнан бастап «Ордабасы» футбол клубына қосылады.
Қош келдіңіздер 🙌💙