«Ордабасы» академиясының футболшылары Эмирхан Құрбанов, Нұрислам Алихан, Асадбек Абдулхакимов, Арда Ақжан, Әділхан Оспан, Абылайхан Кенжадоев және Адият Отарбек Қазақстан U17 жастар құрамасына шақырту алды.
28-ші мамырдан 10-шы маусымға дейін жігіттеріміз Талғар қаласында өтетін жастар құрамасының оқу-жаттығу жиынына қатысады.
Бұл жетістік – бапкерлеріміздің қажырлы еңбегі мен жасөспірімдеріміздің табандылығының жемісі. Біз жас таланттарды тәрбиелеуді жалғастырып, болашақта да биік белестерді бағындыруға ұмтыламыз. Бұл академиямыздың жүйелі және нәтижелі жұмысының айқын дәлелі.