_MG_5579

Всеволод Садовский: Шабуыл шебінде агрессия жетпеді

«Ордабасы» ойыншысы Всеволод Садовский Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 4-туры аясында өткен «Астанаға» қарсы матчты қорытындылады.

– Жақсы ойын болды. Бірақ өз мүмкіндігімізді пайдала алмай, гол жібердік. Өкінішке қарай, нәтиже осындай болды.

– Командаға жеңіске жетуге не жетпеді?
– Сәттілік жолдас болмады. Мүмкін, шабуыл шебінде агрессия жетпеген шығар.

– Көп ойыншылар негізгі құрамға ілінбеді. Оның себебі неде?
– Олар халықаралық матчтардан кішігірім жарақатпен келді. Сондықтан оларға демалыс берді. Не дегенмен, маусым әлі алда.

Дереккөз: prosports.kz

Comments are closed.