fa0cfccd-76cd-4aa0-b07a-4f29b2beee96

Бауыржан Абдубаитов «Ордабасы» президенті қызметінен кетті

«Ордабасы» футбол клубының президенті Бауыржан Абдубаитов денсаулығына байланысты қызметінен кетті.

Бауыржан Тойшыбекұлы клубқа қиын кезеңде келіп, екі жылдың ішінде Қазақстан Кубогы мен Қазақстан чемпиондығына жеткізді.

«Ордабасы» ұжымы атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта табысының артып, жаңа жетістіктерге жетуіне тілек білдіреді.

Бауыржан Тойшыбекұлы, көп рахмет!

Comments are closed.