19f8f632-3ff5-49d9-b816-7c3e05cd8a93

Құрметті «Ордабасы» клубының жанкүйерлері мен жақтастары!

Құрметті «Ордабасы» клубының жанкүйерлері мен жақтастары! Клуб басшылығы, жаттықтырушылар құрамы, ойыншылар және біздің адал жанкүйерлеріміз қатысқан кешегі кездесуде орын алған жағдайға назар салуларыңызды сұраймын. Сол кездесуге қатысты бейресми ақпарат көздеріне тарап кеткен қауесеттер мен жалған ақпараттарды жоққа шығарғым келеді. Иә, эмоционалды түрде өрбіді, бірақ барлық тараптар тыңдалып, айтылған мәселелер ашық талқыланды. Біз бәріміз клубтың игілігі үшін жұмысымызды жалғастырамыз. Біздің айқын мақсаттарымыз бар және оларға жету үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Құрметпен, Бауыржан Исламхан «Ордабасы» ФК футболшысы

Comments are closed.