Бүгін “Ордабасы” футбол клубы Бадам су қоймасы маңындағы базасын ашты. Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков жаңа кешеннің қызыл лентасын қиып, көпшілікке таныстырды. Футбол ардагерлері ақ батасын беріп, спорт құрылысын жүргізген мердігер компания “Пионер құрылысқа” алғысын білдірді.
Жалпы алғанда база аумағы 8 гектар жерді алып жатыр. Ғимарат ішінде 62 адамға арналған қонақүй, асхана, жаттығу залы, дәрігер бөлмесі мен қайта қалыпқа келу залы бар. Сонымен қатар, екі жасыл алаң салынған. Оның бірі жасанды төсеніш болса, екіншісі табиғи шөп.
Маятас ауылының маңындағы Бадам су қоймасы жағасында жайқалып тұрған жаңа базаны жанкүйерлер қауымы да тамашалап, таңдай қағысты. “Ордабасы” футбол клубының жаңа үйі құтты болсын!
Поиск






