Language:

Строка для обьявлений 2

Search

  • Home
  • Александр Седнев: «Біз жауапты ойынды Шымкентте өткіземіз және оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз»

Александр Седнев: «Біз жауапты ойынды Шымкентте өткіземіз және оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз»

  • Мұны бөлісіңіз:
Александр Седнев: «Біз жауапты ойынды Шымкентте өткіземіз және оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз»

«Ордабасының» бас бапкері «Қайратқа» қарсы өткен кубоктік ойын жайлы

- «Қайратты» лайықты әрі күмәнсіз жеңісімен құттықтаймын. Біздің орындауымыздағы алғашқы тайм сәтсіз болды. Қарсыласымыз агрессивті ойын ұсынып, гол соқты, бірінші таймда алаңда болған жайттарға байланысты біз тағы да гол өткізе алар едік. Мен, біз екінші таймда ауысымдар арқылы жақсы жағымыздан көрінеміз деп ойладым, алайда құлшыныстан басқа ештеңе көрінбеді. Бұл сәтте біз жеңілісті сабақ әрі салқын душ ретінде қабылдаймыз және жақын арада мұны дұрыстауға тырысамыз.
Менің футболшылардың барын салғандарына, ойын тұрғысынан жеке наразылығым жоқ, бұл жағдайда кінәні өз мойныма аламын. Бірқатар жеңістерден кейін команда эмоционалды түрде күйзеліске ұшырады, мен мұны түсіндім, бірақ кей жерде команданы ойын тұрғысынан жас ойыншылармен толтыруға батылым жетпеген шығар.
Мен жас ойыншыларды ойынға үлкен топпен емес, нақты бағытта енгізгім келді, осылайша оларды қоршап тұрған, азды-көпті тәжірибесі бар ойыншылардың коалициясына бейімделу оңайырақ болады. Бірақ бәрібір, қайталап айтамын, бұл бізге сабақ болды және мен матчтың өзі өте сапалы емес болса да жеткілікті қарқынмен өткеніне қуаныштымын, менің ойымша, қарапайым, зиянсыз жағдайларда көптеген жеңілістерге ұшырадық және бұл өте үлкен із қалдырады.
Бізбен бірге Шымкенттен келіп, жақсы атмосфера сыйлаған жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Меніңше, екі команданың арқасында кездесу қызықты өтті. «Қайратқа» еурокубоктік ойындарда жақсы өнер көрсетуіне шын жүректен тілектеспін, ал біз жауапты ойынды Шымкентте өткіземіз және оң нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз.