Выбор языка:

ФК «Ордабасы́»

Поддержите нас и наслаждайтесь захватывающим футболом вместе с «Ордабасы́»!

Поиск

  • Home
  • Эльхан Астанов: «Сыбысты жоққа шығарғым келеді…»

Эльхан Астанов: «Сыбысты жоққа шығарғым келеді…»

  • Мұны бөлісіңіз:
Эльхан Астанов: «Сыбысты жоққа шығарғым келеді…»

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов Vesti.kz тілшісімен болған әңгімеде «Астанамен» өткен ойында неге бой көрсетпегенін айтты. Бұған дейін ойыншы туыстарының тойында болды деген сыбыстар болған.

- Александр Сергейұлы командада вирус пайда болып, құлдыратқанын айтты, бірақ менің жағдайымда «Астанамен» матчты мен басқа себеппен өткіздім. «Атыраумен» өткен соңғы кездесуде аяғымның артқы бұлшық еті жарақаттанып, ол ісіп кетті. Содан соң 6 қазанда жаттығуда да дәл сол жерімді аяғымды қайырып алғанның кесірінен жарақаттадым. Бұған дейін де менде осындай мәселе туған. Бапкерлік және медициналық штабтың шешімімен тәуекел етпеуді шешіп, себебі жарақатты асқындыру қауіпі болды, оның үстіне “Астана Аренаның” жасанды алаңы екі есе қауіп төндірді”.
Сол себепті көптеген топтар жазған, “тойдағы қыдыру” жайлы сыбысты жоққа шығарғым келеді. Мен тойда шынымен де болдым, бірақ бұл басқа күні болды және «Астанаға» қарсы ойынды тек жарақат кесірінен өткіздім.
«Шахтёрмен» болатын ойынға келсек, қазір де физиотерапияға барып жүрмін, жақын арада жаттығуға қосылып, барлығы жақсы болса ойнауға тырысамын.