Язык:

Строка для обьявлений 2

Поиск

  • Главная
  • Александр Седнев — Қазақстанның шілде айындағы үздік бапкері

Александр Седнев — Қазақстанның шілде айындағы үздік бапкері

  • Поделиться:
Александр Седнев — Қазақстанның шілде айындағы үздік бапкері
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өткен айдың үздік бапкерін анықтау мақсатымен Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бапкерлерінің арасында сауалнама өткізді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев үздік атанды.
Сауалнамаға қатысқан 14 бапкердің 5-і өз дауыстарын белорустық маманға берді.
Александр Сергеевич осы маусымда екінші рет айдың үздік бапкері болып танылды. Бұған дейін ол сәуір айында үздік атанды.