Язык:

Строка для обьявлений 2

Поиск

  • Главная
  • Александр Седнев: «Кубокта сәтті өнер көрсету үшін барлығын жасауға тырысамыз»

Александр Седнев: «Кубокта сәтті өнер көрсету үшін барлығын жасауға тырысамыз»

  • Поделиться:
Александр Седнев: «Кубокта сәтті өнер көрсету үшін барлығын жасауға тырысамыз»
Шымкенттіктердің бас бапкері «Ақсу» - «Ордабасы» 0:1 ойыны жайлы пікірін айтты
- Біріншіден, футболшыларға барын салғандары үшін алғыс айтамын және жанкүйерлерді құттықтағым келеді. Меніңше, біз бұл жағдайды өзіміз тудырып, өзіміз лайықты түрде шыға алдық. Матч ұрысқа толы болды, қай команда артықшылыққа ие болғанын айта алмаймыз, бәлкім алаң иелерінде аздаған басымдық болған шығар, дегенмен қауіпті сәттер де біз көш бастағандаймыз. Бұл сәтте бізге сәттілік жолдас болды, сол себепті қазір қайта жанданып келе жатқан чемпионатта да алға жылжығымыз келеді. Кубокта сәтті өнер көрсету үшін барлығын жасауға тырысамыз. Сонымен қатар «Қайратқа» ерекше құрмет білдіремін, олар ойынға шықпай тұрып-ақ тапсырмасын орындады, бұл бәріне үлгі болуы тиіс. Мен өз тарапымнан қарсыласқа сәттілік тілегім келеді. Біз бұл стадионда әлі чемпионат ойынын өткіземіз, меніңше ол барлық кездесулер сияқты ауыр болады, жанкүйерлерімізді сол ойында да қуантқымыз келеді, мықтысы жеңіске жетсін.