cbca15f0-9512-496a-8025-37bcea6bf67e

«Ордабасы» ФК-ның Баспасөз қызметі клуб матчтарына маусымдық аккредитацияның басталғаны туралы хабарлайды.

Аккредитациядан өту үшін ordabasypress@gmail.com электронды пошта мекенжайына өтінім жіберу керек.

Өтінімде келесі мәліметтер болуы тиіс:
– Ұйымның атауы;
– ⁠кандидаттың толық аты-жөні және лауазымы;
– ⁠байланыс ақпарат (электрондық пошта мекенжайы және ұялы телефон нөмірі);
– ⁠өтінім ресми бланкіде бас редактордың немесе ұйым басшысының қолымен ұсынылуы керек.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2024 жылдың 29 ақпанына дейін.

БАҚ-ты аккредиттеу квотасы келесідей:
– Баспа БАҚ үшін: 1 журналист және 1 фотограф.
– ⁠Теле және радио арналар үшін: 2 журналист және 1 оператор.
– ⁠Ақпараттық агенттіктер үшін: 1 журналист және 1 фотограф.
– ⁠Электрондық БАҚ үшін: 1 журналист және 1 фотограф.

Comments are closed.