Выбор языка:

Строка для обьявлений 2

SDadad

Поиск

  • Home
  • Новости
  • Кешегі ойындарда жігіттеріміз барын салып, үш жеңіске жетті!

Кешегі ойындарда жігіттеріміз барын салып, үш жеңіске жетті!

  • Share this:
Кешегі ойындарда жігіттеріміз барын салып, үш жеңіске жетті!

Кешегі ойындарда жігіттеріміз барын салып, үш жеңіске жетті! 

 

«Ордабасы» футбол командасы Қазақстан Премьер-Лигасыны аясында «Атырау» командасына қарсы ойнады. «Мұнайшы» стадионында өткен ойында, жігіттеріміз батыстық ұжымнан басым түсті, 1:2. Гол авторлары: Сергей Малый және Сұлтанбек Астанов.

 

«Ордабасы U17» командасы Freedom QJ League турнирінің үшінші турында өз алаңында «Жас Қыран U17» командасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Гол авторлары: Әдият Отарбек, Абылайхан Кенжадоев және қарсылас команданың ойыншысы өз қақпасына автогол соқты. Бұл жеңіс «Ордабасы U17» командасы үшін қатарынан үшінші болды. Үш турдың қорытындысы бойынша, біздің жігіттер турнир кестесінде бірінші орында тұр.

 

Olimpbet футзалдан Қазақстан чемпионатының 39 туры аясында жігіттеріміз «Жетісу» футзал командасына қарсы кездесу өткізді. Тартысты ойында жігіттеріміз қарсыластан жеңісті жұлып алды, 3:2. Гол авторлары: Кауе, Бауыржан Умирбаев және Нұрабек Қабылбаев.