Жасұлан Барманқұлов автоматтандыру және басқару жүйелері саласы бойынша жоғары білім алған. 2012 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін «Автоматтандыру және басқару жүйелері» мамандығы бойынша тәмамдады. 2014 жылы Томск политехникалық университетінде «Машина жасау саласындағы автоматтандыру және басқару жүйелері» бағыты бойынша магистр дәрежесін алды.
2014-2020 жылдары «Altau Group» ЖШС-нің құрылтайшысы әрі директоры болды. 2020-2026 жылдары «Компания Ремпуть» ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры қызметін атқарды. Кәсіпкерлік және басқарушылық салада мол тәжірибе жинақтаған.
Жасұлан Барманқұлов клубтың спорттық блогын басқарады. Оның міндетіне негізгі құрамды жасақтау, спорттық процестерді жүйелеу және команданың стратегиялық дамуын қамтамасыз ету кіреді.







