Language:

SDadad

Строка для обьявлений 2

Іздеу

PREVIEW | "Ордабасы" - "Туран"

  • Share this:
PREVIEW | "Ордабасы" - "Туран"

Кейінге шегерілген 14-турдың матчында «Ордабасы» өз алаңында «Тұранды» қабылдайды. Матч жұма күні сағат 19:00-де Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді.

 

«Ордабасы»

«Тұранмен» өтетін матч қыркүйек айындағы үйдегі ойындардың соңғысы болады, келесі өз алаңымызда өтетін ойын 26 қазанда «Жеңіс» командасына қарсы өтеді. «Астанадан» жеңілгеннен кейін көш бастап тұрған «Елімайдан» 4 ұпайға артта тұрмыз, бірақ «Ордабасының» әлі екі ойыны бар, оларды жеңген жағдайда команда «Ақтөбе» мен «Қайратты» басып озып, 2-ші орынға көтеріледі. Бас бапкер Кирилл Кекердің айтуынша, «Астанадан» жеңілу ауыр тиді, бірақ дәл осындай сәттерде команданың сондай нәтижеге қалай жауап қайтаратыны маңызды.

 

Темірлан Ерланов пен Айбол Әбікен өткен турды дисквалификацияға байланысты жіберіп алған еді, енді олар ойынға дайын. Шабуылшы Артем Беседин әлі де жеке дайындалуда.

 

Таблица Туран (1)

«Ордабасының» чемпионаттағы «Тұранға»қарсы ойындары

 

07.04.2024 «Тұран» 0:1 «Ордабасы»

04.09.2024 «Ордабасы» 1:«Тұран»

16.04.2022 «Тұран» 0:0 «Ордабасы»

18.09.2021 «Тұран» 1:«Ордабасы»

03.05.2021 «Ордабасы» 0:1 «Тұран»


 

1 жеңіс – 2 тең ойын – 2 жеңіліс

 

«Тұран»

 

Түркістандықтар өз алаңына мінсіз оралып, 2 матчта 2 рет жеңіске жетті, яғни «Қызылжар» мен «Шахтерді» жеңді. Осы жеңістердің арқасында команда турнир кестесінің орта тұсына жақындап, чемпионатта төмендеу қауіпінен алыстады. «Ордабасыға» қарсы матчтан бастап, «Тұранның» 3 ойындық сырт алаңдағы сериясы басталады, оның ішінде «Атырау» мен «Қайратқа» қарсы ойындары бар.

 

 

 

H2H | Статистика 

 

Бомб Ассист Туран (1)

 

«Тұран» xG көрсеткіші бойынша чемпионатта соңғы орында - 11.94.

 

«Тұран» қарсы күтілетін голдар көрсеткіші xGA бойынша соңғы орында — 29.34.

 

Допқа иелік ету бойынша «Тұран» орташа есеппен 39.6% көрсеткішпен соңғы орынның алды.

 

Соққылар саны бойынша «Ордабасы» 227 соққымен 5-орында, ал «Тұран» 146 соққымен соңғы орында.

 

«Тұран» — ойын барысында ең көп фол жасайтын команда, олар орташа есеппен әр матчта 14.88 ереже бұзады.