Бүгінгі ойында «Ордабасы» футзал командасы қарсыластан басым түсті.
Футзалдан Olimpbet-Қазақстан премьер-лигасының отыз жетінші туры аясында командамыз «Бәйтерек» футзал командасын қонақтағы ойында 5:2 есебімен ұтты. Гол авторлары: Бауыржан Умирбаев, Лукас Розенски, Фалькао, Витела және Нұрабек Қабылбаев.
Ертең жігіттеріміз «Бәйтерек» командасына қарсы екінші ойынын өткізеді. Ойын сағат 17:00-де Орал қаласында өтеді.