Седнев

Александр Седнев: Жеңіске оңай жеттік деп ойламаңыздар

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты аясында өткен «Оқжетпеске» (0:4) қарсы матч туралы айтты.

– Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Жеңіске оңай жеттік деп ойламаңыздар, не дегенмен өткен кубок ойыны өте эмоционалды болды. 

Ойыншылар эмоционалды тұрғыда шаршағаны көрініп тұр. Бірақ бірінші таймда гол соққанымыз жақсы болды. Бұған қоса, қарсыласымызда ойыншы алаңнан қуылды. Сондықтан бұл жағынан оңайырақ болды. Жеңіс оңай болды деп қорыта айта алмаймын. 

Не десе де өздерінен күш тапқан футболшыларыма алғысымды айтқым келеді.  Өткен матчпен салыстырғанда құрамда үлкен өзгеріс болды — негізгі құрамда жаңадан жеті футболшы шықты. Үлкен өзгеріске қарамастан, кейбір ойыншыларға демалыс бергенімізге қуаныштымын.

Келесі матчқа дайындалып жатырмыз. Біз үшін оңай болмайтын қарсылас, жолы да. Бар ойымыз келесі ойында.

Comments are closed.