DSC01640

Александр Седнев: Бірінші минуттан соңына дейін жылдам ойнауға тырыстық

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты аясында өткен «Қызылжарға» (2:1) қарсы матч туралы айтты.

– Ауыр жеңіс, дегенмен оған әбден лайықпыз деп санаймын. Бірінші минуттан соңына дейін жылдам ойнауға тырыстық. Әсіресе бірінші таймда. Орталық аймақта үлкен өзгерістер болғаны түсінікті. Кейбір сәтте ойыншыларымыз қажет емес әрекеттермен ойынды ұстай алмағаны түсінікті. Бірақ біздің команданың ерекшелігі бар. Ол матч тағдырын әп-сәтте шеше алатын көшбасшыларымыз бар. 

– «Ордабасы» турнир кестесінде бірінші орында тұр. Бұл ойыншыларға, командаға қосымша жауапкершілік арта ма?

– Қосымша жауапкершілік артады деп ойлаймын. Өйткені командамызда тәжірибелі ойыншыларымыз бар. Олар мұндай жағдайда ойнап көрген. Десе де қазір әр қателіктің құны жоғары. Сол себепті мұндай матчта тәртіпті ойнау қажет. 

Comments are closed.