photo1696231829

Александр Седнев: Чемпионаттың аяқталуына алда әлі екі тур бар

«Ордабасы» бас бапкері Александр Седнев OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 24-туры аясында өткен «Жетісуға» қарсы матч жайлы:

– Бірінші тайм алаңға үйренісу үшін қажет болды. Алаңның ерекшелігін де атап өту керек. Шабуылда көп нәтиже шығара қоймадық. Гол соғатын мүмкіндіктеріміз аз болды десем болар. Дегенмен үзілісте команда ойынына өзгеріс енгізіп, футболшылар оны түсіне білді. Нәтижесінде екі гол соға алдық. Осы екі допты соғу үшін жеткілікті мүміндіктер жасадық деп ойлаймы.

Чемпионаттың аяқталуына алда әлі екі тур бар. Мен реалиспін. Бәрі де реалист деп ойлаймын. Сондықтан мақсатымызды орындау үшін қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Аз ғана қалған секілді көрінеді. Алайда мен алдын ала есептеуден, тігілмеген киімді киіп алудан аулақпын.

Футболшылар мен клуб кәсіби тұрғыда жұмыс істеп, чемпионатты аяқтауға дайындығын жалғастырады.

Comments are closed.