357756581_17883314366888376_9055186543919740473_n

Александр Седнев: «Астанаға» қарсы маңызды ойын күтіп тұр

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты аясында өткен «Ақсуға» (2:0) қарсы матч туралы айтты.

– Өте ауыр ойын, десе де өте маңызды жеңіс болды. Ойында тиянақты, тәртіпті қарсылас. Бірінші таймның соңында стандарттан гол соққанымыз жақсы болды. Ойынның екінші бөлімі сәл де болсын оңай өтті. Әсіресе екінші голдан кейін. Футболшыларыма тәртіпті ойын үшін, жігерлері үшін алғысымды айтамын.

Қазір тығыз күнтізбемен жұмыс істейміз. Сондықтан құрамда ротация жасап тұрамыз. Өйткені алда өте маңызды матчтар күтіп тұр. Бұл «Астанаға» қарсы ойын. Ол ойынға дейін қайта қалпымызға келіп, жақсылап дайындалып үлгереміз деп үміттенемін. Қызық ойын күтіп тұр. Дегенмен бәрі алаңда шешіледі.

– Алаңға жарақатынан жазылған ойыншылар шықты. Олар Асхат Тағыберген мен Бауыржан Исламхан. Олардың ойыны туралы не айтасыз?

– Асхат ойынның басынан шықты. Егер де бір дискомфорт сезінген жағдайда уақытты бос жібермей, алаңнан шығарамыз деп ойладық. Оның алаңда болуы біз үшін маңызды болды. Ал Бауыржанға келер болсақ, оны көптен бері күттік. Ол доппен жүргенде бір толқуды сездім. Тезірек алаңға шығып, жігіттерге көмектескісі келді. Бірақ екеуі де бабында деп айту әлі ерте. Өйткені қазір денсаулығын тәуекел ететін кезең емес.

Comments are closed.