Выбор языка:

Поиск

  • Home
  • Новости
  • Дархан Қызайбаев – «Ордабасы» ФК жаңа президенті

Дархан Қызайбаев – «Ордабасы» ФК жаңа президенті

  • Share this:
Дархан Қызайбаев – «Ордабасы» ФК жаңа президенті

Дархан Қызайбаев 1990 жылғы 3 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 2009-2014 жылдары Америка Құрама Штаттарында білім алып, Penn State University университетінде «Экономика және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иеленді.

Коммерциялық және өндірістік салаларда басшылық қызметтер атқарып, стратегиялық даму және инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттарына жетекшілік етті.

Сонымен қатар әр жылдары Дархан Еркінұлы бірқатар ірі өндірістік және халықаралық компаниялардың басқару органдарына мүше болды. Атап айтқанда, 2016 жылдан бастап коммерциялық және өндірістік ұйымдарда басқарушы лауазымдарда жұмыс атқарды.

2018 жылғы мамырдан – қазіргі уақытқа дейін – ТОО «Innotrack» бас директорына кеңесші;

2020 жылғы қыркүйектен – қазіргі уақытқа дейін – ТОО «IST Group Co» бас директорына кеңесші;

2022 жылғы тамыздан – қазіргі уақытқа дейін – АО «EMC» Бас директорлар кеңесінің төрағасы;

2022 жылдан – қазіргі уақытқа дейін – ТОО «NORD Production Group» директоры;

2023 жылғы қаңтардан – қазіргі уақытқа дейін – АО «Тодини Коструциони Дженерали С.п.А.» Стратегиялық даму жөніндегі кеңесші, Қадағалау кеңесінің мүшесі;

2023 жылғы желтоқсаннан – 2025 жылғы мамырға дейін – «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы;

2025 жылғы мамырдан – қазіргі уақытқа дейін – ТОО «Integra Construction KZ» Қадағалау кеңесінің мүшесі;

2024 жылғы ақпаннан – 2025 жылға дейін – Қазақстан Бокс Федерациясының халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті;

2025 жылғы тамыздан – қазіргі уақытқа дейін – Азия Бокс Федерациясының қаржы және аудит комиссиясының төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі;

2026 жылғы қаңтардан – қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Бокс Федерациясының бірінші вице-президенті.

Дархан Қызайбаевтың клуб президенті қызметіне тағайындалуы «Ордабасы» футбол клубының басқару жүйесін нығайтуға және ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған.