Language:

Строка для обьявлений 2

SDadad

Іздеу

  • Home
  • Новости
  • Ұлттық құрамалардың ойындарына арналған үзіліс аяқталды!

Ұлттық құрамалардың ойындарына арналған үзіліс аяқталды!

  • Share this:
Ұлттық құрамалардың ойындарына арналған үзіліс аяқталды!

УЕФА Ұлттар Лигасы аясындағы матчтарға Қазақстан ұлттық құрамасына біздің клубтан бес футболшысы шақырылды. Өкінішке қарай, ұлттық құрамамыз қос матчта да жеңіліп, жанкүйерлерін қуанта алмады. Дегенмен, ойыншыларымыздың өнерін толығырақ талдап көрейік.

Аустрияға қарсы ойында негізгі құрам ішінде бірден біздің 4 ойыншымыз шықты. Олар Тағыберген, Исламхан, Астанов және Әбікен. Ал Словенияға қарсы ойында алғашқы минуттардан бастап тек Тағыберген мен Исламхан ғана ойнады. 


jWDmUc5Ikcs
 

Команда капитанынан бастайық. Асхат екі ойында да негізгі құрамда ойнады. Аустрияға қарсы 67 минут, ал Словенияға қарсы 69 минут. Аустриялықтармен матчта ол көбінесе қорғаныста ойын көрсетті. 5 рет допты тартып алып, 80% жеке тартыстарда жеңіске жетті. Осы көрсеткіштер бойынша командадағы үздігі атанып отыр. Словениямен ойында капитан алаңның 3-ші бөлігінде 11 пас беріп, оның 7-еуі дәл жетті.


hHA8vDMP108

Бауыржан көп уақыттан бері енді ғана алғаш рет екі ойынды да негізгі құрамда бастады. Ол Аустрияға қарсы 46 минут ойнап, Словениямен кездесуде толық матч өткізді. Екінші ойында Исламхан алаңның 3-ші бөлігінде ең көп пас берген ойыншы атанды. 9 пастың 9 да дәл жеткен. 

 

Сұлтанбек ұзақ үзілістен кейін ұлттық құрамаға шақырту алып, Аустрияға қарсы ойында бірден негізгі құрамнан табылды. Ол оң қаптал ойыншысы ретінде толық матчты ойнап шықты. Көрсеткіштері бойынша 7 рет допты тартып алып (командада 3-ші орын), 2 рет алаңныңн 3-ші бөлігіне пас жеткізіпті (командада 4-ші орын)

Айбол да аустриялықтарға қарсы ойында негізгі құрамда шығып, орталық алаңда Асхат Тағыбергенмен бірге ойнады. Бірақ бірінші таймнан кейін ол жамбас бұлшықетінің жарақатына байланысты ауыстырылды. Оның жарақатының ауырлығы клубтың медициналық штабының тексерісінен кейін белгілі болады.