Талдықорғанда бізге сәттілік серік болмады.
Қазақстан Премьер Лигасының 17-турындағы матч аясында біздің команда Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» командасымен кездесті. Ойынның алғашқы минуттарынан бастап біз қонақ алаңында толық бақылауды қолға алдық. Бірінші таймда екі рет қақпа бағанасына тиіп, бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды.
Екінші таймда да біздің басымдылығымыз жалғасын тапты. Қақпаға 25 соққы жасадық, бірақ бір соққыда голға айналған жоқ. Ал қарсыласымыз ойынның соңғы минуттарында ұйымдастырылған қарымта шабуылдан гол салып, жеңіске жетті.
Бұл жеңіліс біз үшін үлкен сабақ болады.