Шымкенттегі тартысқа толы ойын.
Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында «Ордабасы» өз алаңында Қостанайдың «Тобылын» қабылдап, жанкүйерлер көзайымына айналған тартысты кездесуде 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Ойынның алғашқы бөлігінде қонақтар белсенді бастады. «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ахмед Эль-Мессауди 13-ші және 31-ші минуттарда екі бірдей гол соғып, дубль авторы атанды. Ал 40-шы минутта Асхат Тағыберген алыстан бағыттаған дәл соққысымен есепті 0:3-ке жеткізді.
Алайда біздің жігіттер еңсесін түсірмей, екінші таймда мүлде басқа қарқынмен алаңға шықты. 54-минутта Эвертон Мораес айып алаңында допты қағып алып, қақпашыны қапы қалдырды – 1:3. Ал 82-минутта Эльхан Астанов пенальтиден мүлт кетпей, есепті 2:3-ке қысқартты.
Қалған уақытта «Ордабасы» шабуылдарын үдетіп, таразы басын теңестіруге барын салды. Алайда, сәттілік жетіспеді. Қонақтардың қақпашысы бірнеше қауіпті сәттерде құтқарып, матч соңына дейін есені сақтап қалды.
Бұл матчта командамыз 0:3 есебіне қарамастан, намыс көрсетіп, соңына дейін күресті. Жанкүйерлер үшін үлкен эмоция сыйлаған ойында, «Ордабасы» мінез танытып, керемет камбэк жасауға шақ қалды.rrr