48 жастағы Қуаныш Қаракулов — шымкенттік футболдың түлегі, UEFA PRO жаттықтырушы лицензиясының иегері және қазақстандық футболда мол тәжірибесі бар маман.
Ол кәсіби ойыншылық мансабын 1993 жылы шымкенттік «Мелиоратор» клубының құрамында бастады.
Әр жылдары «Жігер», ЦСКА-«Қайрат», «Атырау», «Ордабасы», «Оқжетпес» және «Қайсар» клубтарында өнер көрсетті.
Қазақстан Премьер-лигасында Қуаныш Қаракулов 372 матч өткізіп, 34 гол соқты.
Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін «Ордабасы», «Мақтаарал», «Оңтүстік» академиясында, сондай-ақ «Ақжайық» пен «Тұран» клубтарында бапкер және бас бапкер қызметтерін атқарды.
Қуаныш Қаракуловтың жастар құрамасының бас бапкері болып тағайындалуы — клубтың өз тәрбиеленушілерін дамытуға, «академия – жастар – негізгі құрам» вертикалін нығайтуға және болашақ «Ордабасыны» қалыптастыруға бағытталған стратегиясындағы маңызды қадам.
«Ордабасы» футбол клубы Қуаныш Қаракуловқа қызметіне сәттілік тілеп, жастар командасымен бірге жоғары нәтижелерге жете беруіне сенім білдіреді.







