Қарсыласқа есе жібердік
Кешегі Қазақстан Премьер-лигасының 10-турындағы ойында «Ордабасы» командасы «Ұлытау» клубына минималды есеппен жол берді. Бірінші таймның соңында төреші біздің қақпамызға пенальти белгіледі, оны қарсылас сәтті орындап, есеп ашты. Екінші таймда жігіттер жағдайды түзетуге тырысып, бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Бірақ капитан Сергей Малыйдың соққан голы VAR жүйесінің тексерісінен кейін есепке алынбады.
Келесі ойынымызды 30 мамыр күні Астанада «Жеңіс» командасына қарсы өткіземіз.