Выбор языка:

Поиск

  • Home
  • Новости
  • Қайрат Әшірбеков: “ «Ордабасы» үшін жастардың дұрыс футбол ортасында өскені маңызды”

Қайрат Әшірбеков: “ «Ордабасы» үшін жастардың дұрыс футбол ортасында өскені маңызды”

  • Share this:
Қайрат Әшірбеков: “ «Ордабасы» үшін жастардың дұрыс футбол ортасында өскені маңызды”

Қайрат Әшірбеков: “ «Ордабасы» үшін жастардың дұрыс футбол ортасында өскені маңызды”

Қайрат Абиханұлы, жастар құрамының бас бапкері қызметіне неліктен Қуаныш Қарағұлов тағайындалды?

- Қуаныш Қарағұлов бапкер ретінде ойындағы тәжірибесі мол, қазақстандық футбол спецификасын және клуб құрылымын жақсы түсінетін маман. Ол футболшы ретінде үлкен жол жүріп өтті, кейіннен бапкер атанды, оның ішінде «Ордабасы» да бар. Оған қоса UEFA Pro лицензиясына ие. Жастарды кәсіби деңгейге көтеретін адамға сену біз үшін маңызды.

UEFA PRO клубтың жастар құрамы үшін несімен маңызды?

- Бұл - біздің шарт. Жас футболшылар дұрыс методология мен талаптар қойылатын футбол ортасында өсуі керек. UEFA PRO жай ғана квалификация емес, ойыншылардың жүйелі де жоспарлы түрде дамуына себеп болады.

Жастар құрамасының бапкері алдына қандай мақсаттар қойып жатыр?

- Басты тапсырма - футболшыларды бірінші командамызға дайындау. Бұл тек нәтиже емес, сапалық жағынан өсім: тактикалық түсінік, физикалық дайындық, менталитет. «Ордабасының» философиясын түсінетін, бәсекеге қабілетті жас ойыншыларды дайындауымыз қажет.

Бұл тағайындауды клубтың ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі деп қарастыра аламыз?

- Әлбетте. «Ордабасы» «академия - жастар - негізгі құрам» деген жүйенің кезеңдері арасында қателік болмағанын ойластырады. Қуаныш Қарағұловтың тағайындалуы - клубымыздың өз шәкірттеріне сенімін қалыптастыру үшін маңызды қадам.