Выбор языка:

Строка для обьявлений 2

SDadad

Поиск

PREVIEW | "Кайрат" - "Ордабасы"

  • Share this:
PREVIEW | "Кайрат" - "Ордабасы"

 

Шешуші сәт таяп қалды! Осы маусымдағы соңғы сырт алаңдағы ойын. OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 25-турында бізді үш ұпайдан да маңыздырақ «Қайрат» пен «Ордабасы» арасындағы тартысты бәсеке күтіп тұр.

Таблица Кайрат

«ОРДАБАСЫ»

Біздің клуб бұл ойынға қатарынан екі жеңілістен кейін келіп отыр. Осы сәттіпайдаланған «Астана» бірінші орынға шығып, мәреге екі тур қалғанда 4 ұпайалшақтықпен алға кетті. Командамыз соңғы матчтарда анық голдық мүмкіндіктердіпайдалана алмады. Статистикаға сүйенсек «Тобыл» мен «Жеңіске» қарсы ойындаржеңіліспен аяқталмауы керек еді. Ертеңгі ойынға Айбол Әбікен жалпы топтадайындалып жатыр. Алаңға шығуына ешқандай кедергі жоқ. Алайда Алматыдакомандаға тағы бір орталық жартылай қорғаушы Ловро Цвек көмектесе алмайды. Хорват ойыншының сан бұлшықеті созылған. Дисквалификациядағы Яхшибоевтанбасқа барлық ойыншылар матчқа дайын.

 

Алматыда өткен қарсыластар арасындағы соңғы 5 ойын:

 

23.04.23 «Қайрат» 2-2 «Ордабасы»

15.09.22 «Қайрат» 1-2 «Ордабасы»

29.04.21 «Қайрат» 3-0 «Ордабасы»

03.11.20 «Қайрат» 3-1 «Ордабасы»

29.09.19 «Қайрат» 4-1 «Ордабасы»

 

 

 

“Кайрат”
 Соңғы турда алматылықтар «Жетісумен» өткен ойында екінші таймныңқосымша уақытында гол соғып, Талдықорғаннан маңызды ұпай алып кетті. Бұл жеңіс«Қайратқа» турнир кестесінде бізден озып шығуға мүмкіндік берді. Маусым барысында«Қайрат» сапында жарқын өнер көрсетіп жүргендер Жоао Пауло мен Георгий Зария. Бразилиялық ойыншы «Тұранға» қарсы хет-трик жасап, 10 голмен сұрмергендертізімінде бірінші орынға шықты, ал грузиялық жартылай қорғаушы 5 гол және нәтижелі пас беріп үлгерді. Айта кету керек, алматылықтар өз алаңында тікелейбәсекелестеріне қарсы тек «Елімайды» жеңе алды. «Ақтөбе» мен «Астанадан» жеңіліп, «Тобылмен» тең ойнаған.



«Қайраттың» өз үйіндегі соңғы 5 ойыны:

19.10 «Қайрат» 5-1 «Тұран»
21.09 «Қайрат» 1-0 «Қайсар»
01.09 «Қайрат» 0-1 «Астана»
25.08 «Қайрат» 2-2 «Тобыл»
03.08 «Қайрат» 4-1 «Елімай»

 

H2H | Статистика

Бомб Ассист Кайрат

 

•  Игорь Пластун — «Ордабасы» сапында ең көп минут ойнаған ойыншы, ал ЭлдерСантана «Қайрат» құрамында осы көрсеткіш бойынша көшбасшы. Екеуін алаңдағы бірминут қана бөліп тұр: Игорь — 2052 минут, Элдер — 2051 минут ойнаған.

•  Тура пас берулер бойынша чемпионаттың көшбасшылары — Валерий Громыко (52,94%) және Асхат Тағыберген (51,43%).

•  Сергей Малый чемпионаттағы жеңіске жеткен жекпе-жектердің пайыздық көрсеткішібойынша үздік ондыққа кірген; ол дуэльдердің 76,6%-ын өз пайдасына шешкен.

•  «Қайрат» чемпионаттағы ең нәтижелі команда, олар қазіргі уақытта 36 гол соққан.
•  «Ордабасы» допқа иелік ету бойынша алғашқы үштікке кіреді — 55,4%, ал «Қайрат» бұл көрсеткіш бойынша 7-ші орында (50%).